Скачать .docx  

Реферат: Батыс Еуропада ы орта асырлы философия

Батыс Еуропадағы ортағасырлық философия

Қаралатын мәселелер:

I. Ортағасырлық философияға тән сипаттар.

2. Ертехристиандық философия: Әулие Августин.

3. Парасат пен сенім қатынасы.

4. Пьер Абеляр.

5. Ортағасырлық батысеуропалық философия: Фома Аквинский.

6. Араб философиясының даму кезеңдері.

7. Әл-Кинди.

8. Әбу Насыр әл Фараби.

9. Ибн-Сина.

10. Ж.Баласағұн мен М.Қашқаридың философиясы.

II. Суфизм. Қожа Ахмет Иассауи.

Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Европа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тауарына байланысты «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушы-лар» философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне бай-ланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Біздің заманымыздың ІІ ғасырынан бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жиынтықтап, кейін алолегетика (қорғау) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері: Юстиан Мученик (100-167 ж.ж.), Тациан (2ғ. екінші жартысы), (Тертуллиан Квинт Септимий Флоренс (160-222 ж.ж.) т.б. Олар өз ілімдерінде христиан діні ежелгі грек философиясы сияқты жалпыадамзат алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек филоофтарынан гөрі тереңірек, ауқыды және ұтымдырақ жауап береді, сондықтан да олрды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікіді басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясының орнын басатын христиандық-діни философия жасауға бар күштерін салды. Барлық нақтылықтың денесі бар. Құдай - нақтылық. Демек, құдайдың да денесі бар. Жалпы нақтылықтың уақыттықбастамасы жоқ (Тертуллиан). Осы тұрғыдан апологеттер платоншылар мен гностиктердің тән және жан туралы ілімдеін де сынға алады. Апологеттердің христин дінінің өнегелік қағидаларының артықшылығын ескере отырып, оны мемлекеттік дінге айналдыру қажет деген идеясы, құдайдың мәні мен табиғаты, әлемнің жаратылуы, адам табиғаты мен өмір сүру мақсаты туралы көтерген мәселелері ортағасырлық философияның келесі сатысы - патристика, схоластика кезеңдерінде өз көріністерін тапты.

Патристика (раіер - әке) деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (Ш-VI ғ.ғ.). Негізгі өкілдері: Клемент Александрийский, Амворсий Майландский (340-397 ж.ж.), Августин Блаженный (354-430 ж.ж.) т.б. Ш-ІV ғасырларда жүйеленген бұл діни ілімде алғашқыда Христостың табиғаты туралы пікірлер (құдайлық, немесе адамдық табиғаты туралы) ал 323ж. ұлы император Константин христиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін, саяси-шіркеулік мәселелер алдыңғы шепке шығып, шіркеу әкейлерінің көзқарастарында өз көріністерін тапты. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің артықшылығын дәлелдеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы және ол - аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Оны осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып, христиан дінінің жаңа бағытын қалыптастырғаны үшін, кейін августинизм деп аталып кеткен ағымның негізін қалаушы деп мойындады. Негізгі еңбектері: «Тәубеге келу», «Құдай қаласы туралы» т.б.

Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып т.б. оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке (адам оған лайықты болмаса да,) немесе азаптарға (жазықсыз болса да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың түрлерінің бастамасын енгізіп, әрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік береді. Адамзат тарихы да осы заңдылыққа бағынады. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне сенімділігі (бұл сенімнің негізі құдай) мен құдайға деген сүйіспеншіліктің танымдық күші жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала отырып, Августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Олар құдайға қарсы, күнделікті өмірдің қызығын күйттейтіндермен құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августин құдай патшалығы дегенде жердегі оның өкілі - рим шіркеуін айтады. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін болғандықтан, оған жердегі пенделердің де бағынулары керек.

Августинизм теологиялық-философиялық бағыт ретінде Батыс Европа елдерінде ХII ғасырға дейін үстемдік етті, кейін христиандық аристотелизмнің негізін қалаушы ұлы Альберт пен Фома Аквинский ілімдерімен ығыстырылды.

Ортағасырлық философияның схоластика деп аталған кезеңі Европа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап қайта өрлеу дәуіріне дейінгі 600-700 жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Европа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия т.б.) феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан дінін қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осындай мемлекеттік билік қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында философия өзінің бар ақыл-ой, күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналған-ды. Осы кезеңдегі философиядағы ілім «схоластика» (мектептік ілім) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:

1. Балауса схоластика (ІХ-ХІІ ғ.ғ.). Ғылым, философия, теология (дін ілімі) әлі бір- бірімен біте қайнасып, ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсүнуді, универсалилерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде үстемдіктің «заңдылығын» дәлелдеуді (Аристотельдің формальдік логикасы тұрғысынан) өзіне мақсат қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберский, Иоанн Росцелин, Пьер Абеляр, Августин Аврелий т.б.

2. Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІ ғ.) Аристотельдіңеңбектері латын тілінде болса да, көпшілік арасына тарап, ғылым мен философияның теологиядан бөлініп (Аль-Фараби мен Ибн Руштың «екі ұдай ақиқат» теориясы негізінде), философиялық-теологиялық ілімнің қалыптасып, кең етек алған кезең болды. Негізгі өкілдері ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт т.б.

3. Құлдырау кезеңі (ХIV-ХV ғ.ғ.) Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқында дамуының арқасында философиялық теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ, керенаулық сарыны басым мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлде нәтижесіз тіл безеген ғылымсымақ ретінде қалыптасты. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан т.б.

Схоластикалық тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теолог-схоласты, философ Пьер Абеляр (1079-1142 ж.ж.) болды. Негізгі еңбегі: «Бар мен жоқ».

Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін - жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде әмбебап жалпы ұғымдар қалыптасады. Әмбебап жалпылар (универсалилер) шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл ойында бар.

Ортағасырдағы философиядағы негізгі күрес, айтыс «универсалий» деп аталатын жалпы ұғымдар, жалпылама мәселелердің төңірегінде, жалпының жекеге қатынасы жайында болды. Философтар екі топқа бөлініп күресті: біреулері жалпы ұғымдар (универсалилер) жеке, нақты заттардан тәуелсіз, олардан бұрында пайда болған, бұл шын мәнінде құдаймен байланысты деп дәлелденді. Жалпы ұғымдар - универсалилер реалды өмір сүреді, олар әуелбастан бар деушілер тобы реалистер (латынша «шын» деген сөзден шыққан) деп, ал олардың философиялық бағыты реализм деп аталды. Бұл таза объективтік-идеалистік бағыт. Бұларға қарсы екінші ағым жалпы ұғымдар өздігінше дербес өмір сүре алмайды, тек нақты, жеке заттар ғана шын өмір сүреді, сондықтан олар алғашқы деп делінеді. Материалистік ағымды білдіретін бұл көзқарасты ұстанушылар - номиналистер (латынша потіпіз - «алау» деген сөз) деп аталады.

Реалистердің көрнекті өкілдерінің бірі - Италияда (1033-1109 ж.ж.) өмір сүрген архиепископ Ансельм Кентерберский болды.Оның ойынша жақсылық, әділеттілік, ақиқат ұғымдары адамның іс-әрекетінен тыс шынайы өмір сүреді. Ол құдайдың бар екендігін дәлелдеуге тырысады. «Егер құдай жоқ болса, құдай туралы ұғым да пайда болмас еді. Ал, құдай туралы ұғымның бар екені ырас болса, демек құдайдың да бар болғаны»-дейді Ансельм.Бұны Ансельм «Құдай болмысын онтологиялық жолмен дәлелдеу» деп атаған.

Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырған, шіркеудің алғашқы схоластикалық ұстазы, ал 1879 жылдан бастап католик шіркеуінің шешімімен осы шіркеудің ресми теолог-философы деп жарияланады.

Фома Аквинский 1225-1226 жылы туылып 1274 жылы қайтыс болады. Негізгі еңбегі: «Теологияның жиынтығы» т.б. Аристотельдің іліміне сүене отырып, белсенді форма (реттілік принципі) мен тұрақсыз және қалыптаспаған материяның (болмыстың әлсіз түрі) арасындағы байланысты түсіндіру арқылы Иисус Хритостың бойындағы құдайлық (идеялдық) және адамдық (материалдық) қасиеттерін теориялық жолмен негіздеуге тырысады. Құдайдың арқасында қосылған алғашқы бастамалар - форма мен материя - жеке заттар әлемін тудырады. Ол Платонның идеализмі мен Аристотельдің философиялық идеалистік жақтарынпайдалана отырып, діни-идеалистік томизм философиясын жасады.

Оның ілімінше, материя формадан бөлек өмір сүре алады. Бұл, Фоманың айтуынша, ешбір материалдық дене жоғары формадан, яғни жаратушы құдайдан тәуелсіз өмір сүре алмайды, содай-ақ құдай - таза рухани жан деген сөз. Тек табиғат дүниесіндегі заттар үшін ғана форма мен материяның бірлігі қажет.

Фома Аквинскийдің ілімінше, жалпы идеялар универсалийлер үш түрлі өмір сүреді:

1. Зат пайда болғанға дейін - құдайдың ойында ;

2. Заттардың өзінде - олардың мәні ретінде ;

3. Заттардан кейін, адамдардың ақыл-ойында - сол заттардың ұғымы, абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде.

Аквинскийдің пікірінше, құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады. Демек, өкімет билігі құдайдан жердегі тіршілік о дүниедегі болашақ рухани (діни) билікке бағынуы керек. Рухани билікті жүргізетін, аспанда -Христос, жерде - Рим папасы. Аквинскийдің ілімі ХГХ ғасырдың аяғында қалыптасқан қазіргі кездегі философияда өзіндік орын алып отырған неотомизмнің теориялық және идеологиялық арқауы болып отыр.

Роджер Бэкон (1214-1249) философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы - тәжірибе, эксперимент, математика деп есептеген. Білімнің қайнар көзі - тәжірибе , логикалық пікір, ғылыми бедел. Себебі тәжірибе - тәжірибе болғандықтан құндылыққа ие. Ал қалғаны осы тәжірибе арқылы дәлелденуі керек. Кейде тәжірибе де ақиқатқа жеткізе алмайды. Мұндай жағдайдаоған философия мен дін көмектеседі. Сөйтіп, Бэкон философияның міндеті - дінді қорғау деген тұжырым жасайды.

Уильям Оккам (1300-1349 ж.ж.) - номиналистік бағыттың негізгі өкілі, ағылшын ғұламасы. Оның пікірінше, әлем жеке заттар мен мәндерден тұрады. Мәнділіктердің негізгі анықтамаларының қасиеттері (трансценденталилері) өзінен бөлінбейді және қажеттіліктердің арқасында оның мәнінен тікелей туындайды. Трансценденталилер категориялардан да, біртектес заттарды қамтитын жалпы ұғымдардан да жоғары тұрады. Ал категориялармен жалпы ұғымдар заттардың таңбасы, белгілері ғана олар жеке дара өмір сүре алмайды, тек қана адам ақыл-ойында болады. Ақыл-ойдан тыс өмір сүретін тек жалқылар. Оккамның пікірінше, философиялық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс. Ғылым үшін философия үшін ең маңызды нәрсе - интуиция мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Ақыл-ой күшімен құдайды, оның бар екендігін бұлжытпай білдіретін фактілер болғандықтан, оған сену ғана керек.

Өркениет, философия, мәдениет шығыста да батыстағыдай әрқилы жылдармен жүріп дамып келеді. Бұл шығыстың қоғам дамуының ерекшелігінен көрінеді, яғни бұл мәдениеті мен философиясындағы ерекше өз көрінісін тапқан, қайталанбас өз тарихы, салт-дәстүрі бар дербес Шығыс қоғамын көрсетеді.Шығыс философиясына үңіле зер салсақ, оның ешқашан жалпы болмағанын көреміз. Шығыс философиясының өзіндік бір дербес ерекшелігі бар, ешқандай бұлжымай қатып қалған философия түрлерінің болмауы. Қайта бағыттардың әртүрлі қалыптарына өміршеңдігіне, даналығына көз жеткіземіз. Философиялық ғылыми ойдың даму орталығы ортағасырлық, мұсылмандық шығысқа ойысты да, сонау XV ғасырға дейін мәдени өркендеудің негізгі ошағы сонда болды. Ортағасырлық шығыста ^Ш-ГХ ғ. Батыс Европаның мәдениеттілік даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде араб-тілді философия араб мәдениеті кең өркен жайды. Бұл арабтардың ұлттық сана-сезімінің оянуы, мәдениеттің кең өркен жаюы, VII ғ. Арабстанда жаңа ислам дінінің пайда болуымен де байланысты болды. Араб тілі ортақ тілге айналды. Араб халифатының қолөнері, шаруашылығы, суармалы жерді пайдалану мәдениеті мен техникасы, саудасы мен өндірісі Европаға қарағанда анағұрлым жоғары дәрежеде еді. Осы себептердің бәрі ортағасырлық ғылым мен философияның күрт дамып, өркендеуіне игі ықпал жасады. Араб мәдениеті көпұлтты болды. Оның дамуына арабтармен бірге түріктер, берберлер, парсылар мен египеттіктер де ат салысты. Бағдад қаласында Платонның, Аристотельдің, Гиппократ пен Галеннің, Эвклид, Архимед, Платомейдің шығармалары араб тіліне аударылып, мұсылман жеріне кеңінен танымал болды. Аристотелизм ағымының ықпалы философияда өте күшті болды.Сөйтіп мұсылман перипатизмнің негізі қаланды. Ол негізггі екі бағытқа бөлінді:

1. Аль-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Синаның атымен байланысты шығармашылық

аристотелизм.

2. Ибн-Туфецль, Ибн-Руштың (Аверроис атымен байланысты испан аристотелизмі).

Аль-Кинди (800-870 ж.ж.) - мұсылмандық шығыс припатының алғашқы өкілі,

аристотелизмге алғашқы жол ашқан «араб философы». Ол табиғат құбылыстарын детерменистік тұрғыдан түсіндіруге басты назар аударған. Оның септілік байланыс, танымның үш сатысы туралы ілімі араб философиясы үшін сараптаудың үлгісі болып есептелетін болды. Аль-Киндидің пайымдауынша, танымның бірінші сатысына - логика мен математика, екіншісіне жаратылыстану ғылымдары, үшіншісіне философияны жатқызады. Демек, философияның нақты ғылымдарға өте жақын, олармен тығыз байланыста деп айтқан. Ақыл-ойдың төрт түрін атап көрсетеді: оларды мәңгі әрекетшіл, «белсенді ақыл-ой», «бейжай, енжар ақыл-ой», «жол - жөнекей қосылған ақыл-ой», «жарияшыл ақыл-ой» деп бөледі. Ол бес категорияны рухани түпнегіз етіп алуды ұсынады: материя, форма, қозғалыс, кеңістік пен уақыт.

Әл-Фараби (870-950 ж.ж.) Аристотельден кейінгі екінші ұстаз (Әбу Насыр Әл-Фараби) қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келді. Оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден емес, бұл дүниеден іздеп табуға мегзейтін еді. Өзінің «фусул-ал-мадани (мемлекет қайраткерлерінің мақұл сөздері) деген соңғы шығармаларында ол адам ғылымға түрліше тосқаул жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс дейді. Әл-Фараби Аристотельге бас иген, ол Аристотельдің философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз тарапынан да «ғҒылымдардың шығуы», «Ғылымдар энциклопедиясы», «Гзгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мұздықтардың үлкен кітабі». «Философияның аңсап үйрену үшін алдын ала не білу» қажеттілігі жайлы, «Ақылдың мәні туралы»,»Әлеуметтік этникалық трактаттар», «Философиялық трактаттар» және т.б. философиялық еңбектер жазған. Оның пікірі бойынша, табиғат әуелде жаратқан бір алланың құдіреті күшінен пайда болып, одан былай өз алдына дербес зңдылықтармен өмір сүрді. Басқа еш нәрсеге тәуелді болмайды. Жаратылыстың болмыстың түпнегізінде субстанция акциденция жатыр. Оларды танып-білу - қайнар көзі субстанция материя ұғымына жуық келеді, ал акциденция - субстанцияның түрліше көрінісі өзінің «Вакуум туралы» деп аталатын еңбегінде: табиғатта вакуум (бостық) жоқ дейді.Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан оны құрметтеу, қастерлеу керек дейді, ол «бақытқа жол сілтеу» деген еңбегінде өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт туралы емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жату үшін адам өзін-өзі жетілдіре отырып, қиын жолдан өту керек. Әл- Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді.

Ибн-Сина (Авиценна)(980-1037жж) Орта Азияда, Бұқара қаласының маңында дүниеге келді.Әлемге әйгілі еңбегі: «Сауығу кітабі» (медицина жайлы). Оның болмыс туралы ілімі - материяны мәңгі жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырады. Дененің қайта тірілуі мүмкін емес. Оның ілімі бойынша универсалийлер үш ұдайы өмір сүреді:

1. заттарға дейін, құдіреттің ақыл-ойында;

2. заттардың өзінде, себебі ол заттың мәні;

3. заттан кейін адам санасында;

Қожа-Ахмет Иассауи (1094-1167 жж) Испинджапта (Сайрам) ибрагим Ибн Махмуд Диқанның әулетінде туылды. Ол сопылық «мистикалық ағымның» түркі тілдес тармағының негізін қалаушы. ХГГ ғасырда көне түркі тілде «Диуани Хикмет» (Даналық кітабі) еңбегін жазады. Сопылықта бос қағида болмыс тұтастығы еді. Ол үш деңгейде абсолют аттар (архетиптер), феноминалдық дүние ретінде көрініс берді. Абсолют бұл құдай, ақиқат, жалқы шындық дүние болса құдайдың көлеңкесі, ал оның арасында аталған (пайғамбарлар туралы).

Олар - абсолюттік пен көзге көрінетін материалдық болмыс арасын - жалғастырушы. Бұл «Құдіретті атаулар» құдайдың модусы мен атрибутын білдіретін теологиялық категория,сонымен бірге құдай идеясының өмір сүруінің арқасында философиялық ұғым болып табылады. Феноменалды дүние дегеніміз - біздің нақты өмірімізде құдайдың бар екендігін көрсетеді демек, ақиқат абсолютті болмысты тек құдай иеленеді. Қалғанның бәрінде сол жаратқан «тұтас болмыс»:-алғанда өз бойында болған соң - одан соң өз шегінен шығады - ақыр соңынан өзіне қайтып оралады. Адам өз бойына құдай құдіретінің барлық формаларын сіңірген, оның бойынан барлық мәнділіктері, әлем шындығының маңызы жинақталған. Сондықтан әлем - макрокосмос болса, адам - микрокосмос. Адам - құдай мен әлем арасындағы байланыс. Сопылар құдайдың өзінің мәнін тануға ұмтылады. Сопылық таным теориясында: (сопы - құдай мейірінің белгілерін өз жүрегінде іздеп, көргеннен дұрыс дейді).

1. Субъектіден жалпылыққа субстанцияға ;

2. Адам өзін-өзі танудан құдайды тануға;

3. Бүтіннен жекеге оралу жүреді.

Сопы - құдай мейірінің белгілері өз жүрегінен іздеп, көргенін дұрыс дейді. Сопы символикасында жүрек маңызды орын алады. Ол - құдай сәулесі түсірілетін айна, бірақ ондағы құдай бейнесін көру үшін бұл айнаны жалтырату керек. Сопылықтың өзіне тән айырмашылығы - құдайды сүю, идеясы толық дамыған. Барлық сопы ақындары поэмаларының өзегі - құдайды сүю тақырыбы, көбіне құдай - сүйікті, ал ақын - ғашыққа ұқсатылады. Иассауидің басты мақсаты құдаймен табысу, оның бейнесін көру.

Негізгі әдебиет:

Спиркин А.Г. Философия. Учебник. М., 2000. Соколов В.В. Средневековая философия. М., 1979. Краткий очерк истории философии. Гл. 4. Разд. 2. М., 1969. Кішібеков Д., Сыдықов Ү. Философия. А., 2000. Философиялық сөздік. А., 1996.

Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. А., 1999. Абеляр П. История моих бедствий. М., 1959.

Көзі: