Скачать .docx | Скачать .pdf |
Реферат: здіксіз экологиялы т рбие
Үздіксіз экологиялық тәрбие.
Қазі ргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптардағы экологиялық тәрбие жұмысы бұрынынғы қалыптасқын бағдарламадағы «Балаларды табиғатпен таныстыру» бөлімінен бастау алады. Ал табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау – экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырылды.
Экологиялық тәрбие жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар: а) жеке алынған ағзаның өзінің өмірсүру ортасына ие болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі; ә) өмір сүретін тірі ағзалардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы.
Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:
- табиғаттағы әр түрлі оқиғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін сюжетті-рольді ойын;
- балабақша және мектеп алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ақ, заттарды қайта өңдеу (ойыншықтарды, кітаптарды және т.б. жөндеу) іс-әрекеті;
- табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау;
- табиғатпен тілдесу, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау – бақылау, оларды еркелету, күтіп-баптау іс-әрекеті, қолға үйрету мен белгілі-бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын кешенді іс-әрекет;
- тәжірибе жасау – бақылау нәтижесндегі өз пікірін айтумен сабақтасып келген іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет;
- тіл, сөйлесу іс-әрекеті, сұрақтар, хабарламалар, әңгіме, диалогқа қатысу;
- т абиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөнінді пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау;
- бақылау – өз бетінше дамытумен бірге табиғат туралы және табиғаттағы адамдардың іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;
- табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды, суреттерді көріп тамашалу, шағын шығармалар оқу балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін айқындайтын және жаңа ықпал ететін іс-әрекет түрлері.
Баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп, суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауғы мүмкіндік береді. Мұндай іс-әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланысты руға болады.
Балалармен экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиеші-ұстаздың кәсіби шеберлігін танып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін қамтамасыз етеді. Сол себепті балалардың экологиялық тәрбиелілігінң деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін ұсынамыз.
«Тіршілік иелерінің өміріне қажетті түғызу және қолдау әдісі» балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі болып саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау дағдыларын, икемділіктерін айқындауға бағытталған. Объектілерді бақылау – өсіп-өндірудің нәтижелері қалыптаса бастаған дағдыларды бағалауға бағытбереді және оларға сипаттама беруді қамтамасыз етеді. Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету – осы әдіс түрінің тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажеттітәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Бақылау- табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Ұзақ мерзімді бақылаулаларды ұйымдастыру – өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүруортасымен өзара байланыста болу, балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты. Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін , тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының бақампаздығын аңғартады, осының әсерінен баланың дүниетанымы кеңейіп, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі.
Табиғатты бейнелеу әдісі – экологиылқ тәрбие жүйесіндегі өзіндік орны бар әдіс түрі. Мұнда балалар табиғат көрінісін, кәсіби шеберлер дайындаған көркемдік суреттерді, музыкалық және әдеби шығармаларды тамашалап, табиғат күнтізбесімен жұмыс істеп, бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Табиғатпен тікелецй байланыста алынған халқымыздың ұлттық тұмыс бұйымдары балалардың ол жөніндегітүсініктерін кеңейтіп, олармен жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл әдіс түрі арқылы табиғат адамдарға жоғары дәрежедегі рухани байлық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың сезімдеріне әсер ету арқылы әсемдіктісақтай білуге итермелейтіні жөнінде ұғым қалыптастырады.
Тіл дамыту іс-әрекетінде үлкен ерекшелік үлесіне қарай «табиғатты бейнелеу әдісінен» «сөздік әдеби әдісін» өз бетінше бөліп қарауға болады. Сөз белгілі бір формада және деңгейде кез келген іс-әрекетті қолдайды және ол экологиялық тәрбиеде үш маңызды қызмет атқарады. Мәселен, «диалог» түрінде (әңгіме де, пікір алмасуда) үлкен мен баланың қарым-қатынасында табиғат туралы және ондағы адамдардың іс-әрекеті туралы түсініктердің көрініс табуымен нақтыланады. «Монолог» арқылы (мұғалім әңгімесі, кітап оқуы) балалар білімінің жаңа саласына енеді.
Жоғарыдағы әдістерді саралай келіп, балалардың экологиялық тәрбиелілігінің деңгейі мен тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамыту мақсатында жүргізілетін мынадай жұмыс түрін ұсынамын:
- балабақшаның немесе мектептің, туған қаласының орнын картаға белгілеп, тәрбиеші көмегімен желімдеу;
- теңіздер мен мұхиттар жөнінде қарапйым түсініктер беру;
- өздеріне таныс қалаларды үлкен жалаушалармен белгілеу;
- экологиялық таза емес аймақтарды белгілеп, желімдеу.
Картамен жүргізілетін мұндай жұмыс түрлері балалардың алғашқы географиялық танымдарын қалыптастырып және оқу іс-әрекетінің бастапқы дағдыларын игере білуге, өз елінің кейбір экологиялық жағдайларын танып білуге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыс түрлерін балалар үлкен құлшыныспен, қызығумен ынталы атқарады және ересектердің түсіндіргенін, құрдастарының жауаптарын тыңдап, ұжымдық әңгімеде, қорытынды жасауға белсенді түрде қатыса алады.
Өнер туындыларынан көрмелер ұйымдастыру, ондағы табиғаттың әсем көрінісін балалардың әңгімелеп жеткізе білуі олардың сезімдік талғамын, әдемілікке ұмтылу қабілеттерін дамытады. Кішігірім көрмелерді көру, мұражайларға саяхат жасау, мәдени байлықтарды бағалай білу баланың тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Үлкендердің басшылығымен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ұйымдастырылатын жақын жердегі экожүелерге, орманға, жорықтарға шығу, көргендерін шамаларына қарай қағаз бетіне түсіру – экологиялық сауықтыру мәні бар өте маңызды жұмыстар. Бұдан балалар таза ауада демалып, табиғат әсемдігінен талғамдық ләззат алады, өсімдіктер мен жануарлардың бірлестігі туралы біледі, олардың қимыл қозғалыстарын бақылайды. Тіпті тірі табиғатпен осылаша өзара қарым-қатынас жасау балалардың табиғат аясында тәртіп нормаларын сақтап, мәдениетті демалу.