Скачать .docx | Скачать .pdf |
Реферат: Алматы аласыны
Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын айта отырып, біз қиын өмірде өмір сүрудеміз. Банктік несиелердің және кәсіпкерлердің қаржыларының жоқтығы байқалып отыр»,- деп атап өтті қала әкімі Ахметжан Есімов.
Соңғы айлардың мәліметтеріне жүгінетін болсақ 2009 жылы құрылыс саласында өндірістің 31,4 % пайызға қысқарғаны және өнеркәсіп саласында 19.8%, ал инвестицияның негізгі қоры 29.9% пайызға қысқарған. Әкімнің сөзіне қарағанда дағдарысқа қарсы қолданып отырған шаралар екі құжаттар шеңберінде жүргізілуде. Ол қалалық дағдарысқа қарсы бағдарлама - 103 млрд. теңге және «Жол картасы» бағдарламасы -25 млрд. теңге көлемімен жүргізілуде. Соңғы бағдарлама 45 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазір барлық жерде қаланы көркейту жұмыстары жүргілуде. Сонымен қоса қаңтар айының аяғына таман біздің барлық мемлекеттік коммуналды кәсіпорындары «Мемлекеттік тапсырыс -2009ж» акциясын өткізді. Мемлекеттік тапсырыстың жалпы құны 20,7 млрд. теңгені құрады. Біздің бастамамызбен «Самрұқ-Қазына» Ұлттық тұрмысты жақсарту қорына кірген 17 ұлттық команиялар алматылық кәсіпкерлер арасында мемлекеттік сатып алу шеңберінде жәрмеңкелер өткізді. Алматы қаласы тауар өндірушілермен 276 млрд теңгеге келісім шартқа тұрды. 117 млрд. теңгеден КОБ шеңберіндегі үшінші траншты қолдауға Алматы қаласына 46,5 млрд. теңге бөлінді, - дейді әкім.
А.Есімов өткен айда инвестициялық экономика 35% ұлғайып, құрылыс жұмыстарының көлемі 5% өскен.
«Экономикалық жетістіктің басты көрсеткіші электр қуатының өндірісі мен үлестіру көлемі 2% пайызға көтерілген деп атап өтті.
Әкімнің сөзіне қарағанда шаруашылық субъектілерінің кіші және орта бизнесі 10%-ға белсенді өсіп келе жатқандығын байқауға болады. Олардың кейбір жағымды жағдайлары қала тұрғындар арасынан да көрінуде. Өткен жылғы қорытындымен салыстырғанда айлық жалақы орта есеппен 4,7% өсіп, 93 821 теңгені құрап отыр.(еліміз бойынша 68 626) Бұл еліміздегі ең жоғарғы темп,-дейді А.Есімов. Келесі жылға қаламыздың бюджеті 225,6 млрд теңгені құрайды, бұл деген өткен жылғыдан 8 млрд артық.